Қыша – алма пастасы қосылған цукини жастықшаларындағы дәндер қосылған балық порциялары

15 мин
Омега-3

Ұнтақтағы балық сүбесі – қытырлақ сары түсті табиғи өнім. Өндіру үшін тек хек, сайда мен нәлімтәрізділер тұқымдас басқа да балықтардың 100% сүбесі пайдаланылады. Жылдам дайындалады, алдын ала ерітуді қажет етпейді.

Құрамы

• Дәндер қосылған балық порциялары «ПРИОРИТИ» VIČI - 300 г
• Цукини - 400 г
• Сарымсақ - 5 бадана, қызыл салат пиязы
• Черри қызанақтары, жебіршөп, Корн салаты

• Зәйтүн майы - 120 г
• Қара бұрыш, тұз
• Француз қышасы - 2 ш.қ.
• Алма - 2 дана., лимон – жартысы

Дайындық

1
Қыша-алма пастасын дайындау үшін алманы тұмшапеште, ол толықтай жұмсақ болатындай етіп көмештеу керек. Қабығы мен дәнектерін алып тастап, тек мәйегін қалдырыңыз.
2
Ыдыста қышаны, тұзды, бұрышты араластырыңыз, зәйтүн майын, лимон шырыны мен алма мәйегін қосыңыз.
3
Цукиниді шеңбер тәрізді тураңыз, зәйтүн майына сарымсақпен және жебіршөппен қуырыңыз. Артық майы ағып кетуі үшін, майлыққа қоя тұрыңыз.
4
Дәндер қосылған балық порцияларын екі жағынан дайын болғанға дейін қуырыңыз, оны да майлыққа қойыңыз.
5
Үстелге беру үшін тағамға қабат-қабатымен: цукиниді, балықты, қызыл пияздың жіңішке сақиналарын, черри қызанақтарын, Корн салатын қойыңыз. Жанына қыша-алма пастасын қойыңыз.