Қызылша қосылған майшабақ

30 мин
Омега-3

Мерекелік дастарханға арналған тамаша дәмтағам! 

Құрамы

  • 4 табақ қаттама қамыр
  • майшабақ сүбесі VIČI
  • 1 қызылша
  • Пияз
  • Бір кесек лимонның шырыны
  • Бір шөкім тұз бен бұрыш
  • Бір уыс аскөк

Дайындық

1
Қаттама қабырды жібітіңіз. Бір қабат қамырды аздап сулаңыз, екіншісін үстінен қойып, табақтар жабысатындай етіп, қамырды аздап жайыңыз.
2
Табақтарды қалауыңыз бойынша кез келген өлшемді төртбұрышты кесектерге бөліңіз. Шетінен шамамен 1 см қашықтықта, пышақпен ішкі жағынан шетімен кесіңіз, шамамен 1 - 1,5 табақ қабаты, толық кеспеңіз. Одан кейін ішкі кесілген төртбұрышты аздап шанышқымен тесіңіз, ол үрленіп кетпесін. Басқа табақтарға да осыны орындаңыз.
3
Барлық себеттерді пісірмеге арналған қағаз төселген қаңылтыр табаға орналастырыңыз, сосын алдын ала қыздырылған тұмшапеште 200 C температурада 12–15 минут, себеттер көтеріліп қызарғанға дейін пісіріңіз.
4
Себеттерді тұмшапештен шығарыңыз, бірнеше минут суытыңыз, одан кейін салмаға орын босату үшін, себеттің ортасын қасықпен басыңыз.
5
Салмаға арналған қызылшаны үккіштен өткізіңіз, пайда болған сұйықтықты төгіңіз, ұсақ туралған пиязды, дәмдеуішті, май мен лимон шырынын қосыңыз. Араластырыңыз да, салманы себетке салыңыз.
6
Майшабақ сүбесін ұзыншалап тураңыз да, әр себетке бір кесектен қойып шығыңыз. Әр себетті бір аскөкпен әшекейлеңіз.