Таңқышаян таяқшалары қосылған жылдам бәліштер
40 мин
Ақуыздың жоғары мөлшері
Майлардың төмен мөлшері
Сізде күтпеген қонақтар болады ма және тамақ дайындауға уақытыңыз аз ба? Шығатын жол бар – дәмді таңқышаян таяқшалары қосылған жылдам бәліштер. Қонақтарыңыз таң қалады, ал сіз табысыңызға қуанасыз!
Құрамы
- VIČI таңқышаян таяқшалары
- Қабаттама қамыр
- 1 жұмыртқа
- Майонез
- 50 г дәнді-дақыл сүзбесі
- 2 бадана сарымсақ
- Аскөк, тұз және бұрыш
Дайындық
1
Таңқышаян таяқшалары, аскөк пен сарымсақты тураңыз.
2
Тегешке туралған таңқышаян таяқшаларын, сүзбені, аскөкті, сарымсақ пен майонезді салыңыз.
3
Тұз, бұрыш сеуіп, бәрін жақсылап араластырыңыз.
4
Қабаттама қабырдың жаймаларын екі бөліп кесіңіз.
5
Дайындалған салманы қамырдың ортасына салыңыз.
6
Қамырды екіге бүктейміз және шеттерін шанышқымен басамыз.
7
Дайын бәліштерге жұмыртқа жағыңыз да, тұмшапеште 180 ° температурада 30 минутқа жуық пісіріңіз.