Татымды қияр асқатығы қосылған көкөністі GYOZA

15 мин

GYOZA салмасында теңіз өнімдері, жас көкөністер мен Шығыс асханасына дәстүрлі хош иісті дәмдеуіштер керемет үйлеседі. Қамыры тіпті мұздатқан кезде де жабысып қалмайды. Әртүрлі соустармен бірге беріңіз. Тіл үйірер дәм!

Құрамы

• көкөністер қосылған GYOZA VIČI - 400 г
• Өсімдік майы - 40 г (қуыру үшін)
• Күнжіт майы -2 ас қ.
• Қияр - 300 г

• Кинза - 1 түйін, аскөк - 0,5 түйін
• Лимон - 1 дана
• Сарымсақ - 2 бадана
• Тұз, бұрыш

Дайындық

1
Асқатықты дайындау үшін қиярды майда текше тәрізді етіп турап шығу керек, оған тұз сеуіп, 5 минутқа қалдырыңыз. Одан кейін суын сығыңыз.
2
Лимоннан шырынын сығыңыз,майда туралған сарымсақты, кинзаны және аскөкті қосыңыз.
3
Одан әрі барлық ингредиенттерді күнжіт майымен араластырыңыз да, салқын жерге 30 минутқа қойыңыз.
4
GYOZA өсімдік майы құйылған, жақсылап қыздырылған табаға қуырыңыз. Үстелге кәуап сияқты етіп беруге болады. Татымды қияр асқатығын соус ыдысында беріңіз.