Асшаяндар қосылған итальяндық бутербродтар
20 мин
Егер сіз достарыңыздың ортасында керемет кеш өткізгелі отырсаңыз және сіз ерекше, бірақ аса күрделі емес бірдеме дайындағыңыз келсе, бұл рецепт сізге көмектеседі. Авокадодан жасалған сергітуші хумус және корольдік асшаяндар сізді және сіздің қонақтарыңызды қуантатын керемет үйлесімділік құрады.
Құрамы
- Қара итальяндық Чиабатта наны
- Мұздатылған корольдік асшаяндары VIČI
- Аздаған зәйтүн майы
- Піскен авокадо
- Консервіленген нут
- Сарымсақ бөліктері
- Май тілімі
- Тұз және бұрыш
Дайындық
1
Тұмшапешті 180 С дейін қыздырыңыз. Пісірмеге арналған қағазды қаңылтыр табаға қойыңыз.
2
Итальяндық нанды тураңыз да, зәйтүн майын жағыңыз, жиектері аздап піскенге дейін, ал ішкі бөлігі жұмсарғанға дейін тұмшапеште пісіріңіз.
3
Ұсақтағышқа нутты, авокадо мен сарымсақты салыңыз. Аз-аздан барлық ингредиенттерді қосыңыз да, дәмін қайта-қайта көріп, өзіңізге ұнайтын дәм шығарыңыз.
4
Масса дайын болған кезде, оны тоңазытқышқа салыңыз.
5
Табада майды ертіңіз, асшаяндарды қосыңыз. Жаңа ұнтақталған қара бұрыш себіңіз. Асшаяндар қызғылт тартқан кезде, оларды от үстінен алыңыз.
6
Авокадо қосылған хумусты қуырылған нанға жағыңыз, үстінен бірнеше асшаян қойыңыз. Жас әшкек жапырақтарымен себіңіз.