Апельсин мен таңқышаян таяқшалары қосылған салат
15 мин
Ақуыздың жоғары мөлшері
Майлардың төмен мөлшері
Таңқышаян таяқшалары мен апельсиннің үйлесімі күтпеген, бірақ бірін-бірі керемет толықтыратын дәм. Не дайындарыңызды ойлап таба алмай отырсыз ба? Оңай дайындалатын әрі өте дәмді салатты ұсынамыз.
Құрамы
- VIČI таңқышаян таяқшалары
- 1 апельсин
- 50 г консервіленген жүгері
- 3 жұмыртқа
- 1 сарымсақ баданасы
- Майонез
- Тұз және бұрыш
Дайындық
1
Таңқышаян таяқшаларын, апельсин мен жұмыртқаны текшелеп тураңыз.
2
Туралған таңқышаян таяқшаларын, жұмыртқаны, апельсин мен жүгеріні тегеште араластырыңыз.
3
Тұз сеуіп, бұрыш қосып, майонезбен дәмдеңіз.